Дәрігерлер: Денсаулық мықты болу үшін үнемі шай ішу керек
- author «Ақ жол»
- 12 қараша, 2015
- 253
Әлемде барша халық ортақ пайдаланытын сусындардың бірі - шай. Алайда, оны қанша мөлшерде пайдалану керектігі жайлы ғалымдар арасында дау әлі біткен емес. Мәселен, Голландияның денсаулық сақтау кеңесі күніне 3-5 кесе шай ішу керек деп есептейді. Бұл қан қысымын, диабет және инсульт қаупін төмендетуге көмектеседі, деп жазды The Telegraph.
Алайда, оның оң әсерін біраз уақыт өткен соң ғана байқауға болады.
Мамандар қара және көк шайды кез-келген жаста ішуге болатынын айтады. Кішкентай балаларға сүт қосылған шай беруге де болады. Алайда, ең пайдалысы көк шай болып саналады. Осыған дейін жасалған зерттеулер нәтижесінде көк шай құрамында ерекше аминқышқылы - теанин бар екені анықталды.
Бұл зат адамның көңіл-күйіне жақсы әсер етеді (күйзеліс жойылады). Сондай-ақ, оның құрамындағы антиоксиданттар обыр дертінің алдын алуға ықпалдасады. Бұл антиоксиданттар кеуде, өкпе, асқазан обырына (ісігіне) қарсы тұра алады. Кей ғалымдардың айтуынша, шай Альцгеймер (алжу) дертінен қорғап, холестерин деңгейін төмендетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді