Алматыда ғаламшардың 6 миллиардыншы тұрғынына төлқұжат тапсырылды
- author «Ақ жол»
- 12 қараша, 2015
- 507
1999 жылы БҰҰ шешімімен Жер ғаламшарының 6 миллиардыншы тұрғыны деп танылған алматылық Рәбия Ермұханова қазір 16 жасында. Халықаралық бейресми атаққа ие болған Рәбияға бүгін Алматы Қазақстан азаматының жеке төлқұжаты салтанатты түрде табысталды, деп хабарлады www.24.kz.
16 жыл бұрын дүние есігін жаңа ашқан сәбиге сәттілік серік болып, ғаламшардың 6 миллиардыншы тұрғынына туу туралы куәлік пен ескерткіш белгі берілген болатын. Мамандығы журналист Манарбек Ермұханов пен оның зайыбы Алмагүлдің 7 жыл күткен тұңғыштары өзімен бірге осындай ерекше қуаныш ала келді.
Рәбияның әкесі «Баламыз осы 12 қараша күні туылып, 6 миллиардтың ішіне кіреді деп ойлаған жоқпыз», - дейді Рәбияның әкесі Манарбек Ермұханов.
Бақытты отбасында бүгін тағы қуаныш. №111 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Рәбия Ермұханова кәмелеттік жасқа толды. Қызының ресми түрде төлқұжатын алуға келген ата-анасы кездейсоқ сәттіліктің де салмағы бар дейді.
«Жауапкершілік өте жоғары болады деп есептеймін. Неге десеңіз, бұл атақ бейресми түрде болса да, осындай өзінің елін биіктен көрсетуге талпындырады деп ойлаймын», деді Манарбек Ермұханов.
Дарынды Рәбияның бүгінде жетістіктері де аз емес. Бірнеше республикалық олимпиадалардың жүлдегері, арманы да ауқымды.
«Биыл көктемде географиядан республикалық олимпиададан жүлделі орынды иелендім. Бұл менің арманыма жетелеген алғашқы белестің бірі деп білемін. Болашақта ландшаф-дизайнері болғым келеді», - деді Жер ғаламшарының 6 миллиардыншы тұрғыны Рәбия Ермұханова.
Манарбек пен Алмагүлдің отбасында Рәбиядан басқа қызы Нари мен ұлдары Әнуар, Мансұр өсіп келеді. Ата-анасы олардың болашағынан да зор үміт күтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




