Жанам деген жүрекке от беремін

Жанам деген  жүрекке от беремін
ашық дереккөз
Жанам деген жүрекке от беремін

Жастарға жан-жақты қолдау бар

Бүгінгі таңда партияның жұмысындағы басымдықтардың бірі – «әлеуметтік саясат». Оның жүзеге асырылуы Доктрина мен партияның Сайлауалды тұғырнамасында белгіленген. Осы құжатта жастарға заманауи білім беріп, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша бастамаларын жүзеге асыруға тарту қажеттігі атап көрсетілген. Сонымен қатар, оқу орнын бітірген жас мамандарды мемлекеттік мекемелер мен кез-келген кәсіпорындарда алғаш тәжірибе жинақтап, білімін кәсіби тұрғыда толықтыруға мүмкіндік бере отырып, жұмысқа орналастыруға көмектесу де айтылған. Міне, осындай бағыттағы жобалардың бірі – «Сәтті қадам». Бұл жобаның мақсаты – оқу орнын бітірген түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай жасау. Ең бастысы, жас тұлғаның қадір-қасиеті мен құқығы қорғалып, денсаулығын сақтап, заманауи білім алып, еңбек етуге, соған лайықты еңбекақы табуға мүмкіндік беру. Бұл міндеттер жоғарыда аталған партия Доктринасының «Адам» және «Болашаққа ұмтылыс» құндылықтарына сәйкес келеді. Ал жобаның түпкілікті бағыты – еліне қызмет етуге ниетті талантты жас мамандарды табу. Жобаға қатысушыларға кәсіби әлеуетін жүзеге асырып, дамытуға мүмкіндік беріледі. Жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетуге ықпал ету мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру да «Сәтті қадамның» негізгі көздегені. Осындай мүмкіндікпен жас қазақстандықтардың еліміздің ірі кәсіпорындарында, ұлттық компанияларда, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтіп, тұрақты жұмыс табуын ұйымдастыру жолымен «Жас Отан» ЖҚ аталмыш жобаны нақты жүзеге асыруда. Осы бағытта жылда бірнеше мекемелермен екіжақты меморандумға қол қойылады. Яғни, «Жас Отан» жастар қанаты қолында дипломы бар жастардың тәжірибеден өтіп, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл жоба арқылы қабылданатын құжаттар санында шектеу жоқ. Айта кетейік, «Сәтті қадам» жобасы екі кезеңнен тұрады. Алғашқысында үміткерлер түйіндемелерін толтырып, оқудағы жетістіктерін көрсетуі тиіс болса, екінші кезеңде ең үздік деген түйіндемелер іріктеліп алынады. Мұнан соң жастар тікелей сұхбаттасуға шақырылады. Бетпе-бет сұхбатты арнайы комиссия жүргізеді. Бұл жоба 2013 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істеп келеді. Басты мақсаты – ЖОО бітіруші жастарға өз қызметтік сатысын Қазақстанның белгілі ұйымдарынан тағылымдамадан өту арқылы бастауына, алған білімдерін тәжірибе жүзінде сынап көруіне мүмкіндік беру. Биыл жобаға орта арнаулы оқу орнын аяқтаған түлектер де қатыса алады. 2014 жылы еліміздің барлық аймақтарында «Сәтті қадам» жобасына қатысуға 2472 адам ниет білдірген. Сұхбаттасу кезеңінің қорытындылары бойынша 969 жас маман мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға тағылымдамадан өтуге жіберілді. 3 айдың нәтижесі бойынша 100-ге жуық жас маман тағылымдамадан өткен мекемелерінде қызметке орналасты. Облысымыз бойынша былтыр 25 жас жобаға қатысуға ниет білдіріп, 9 жас маман тәжірибеден өтіп, 1 жас маман тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, «Жастар кадрлық резерві» жобасы да жалынды жастарға арналғаны анық. «Жастар кадрлық резерві» – бұл кәсіби жетілуге ұмтылған жас мамандардың республикалық деректер базасын, заман талабына сай жас басқарушыларды даярлайтын жобаның бірі. 2008 жылы «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ І Съезінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев жастар қатарынан «мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес саласы және қоғамдық-саяси қызмет үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру керектігін атап өткен болатын. 6 жыл ішінде «Жастар кадрлық резерві» жобасына қастысуға 10 000-нан астам жас өтініш білдірді. Жоба жүзеге асырылғаннан бастап 372 адам ашық іріктеу, тестілеу, оқу модульдері, кәсіби біліктіліктеріне баға беру мен әртүрлі ұйымдарда тағылымдамалардан өтті. Аталмыш жоба аясында 2014 жылы облыс бойынша 14 жас жобаға құжат тапсырып, оның 10-ы әңгімелесу кезеңіне өтіп, партия Орталық аппараты бекіткен нормаға сәйкес 1-ші оқу модуліне 3 жас қатыстырылып, 2-ші оқу модуліне 2 жас оқуға мүмкіндік алды. Биылдан бастап ниет білдірушілер, оның ішінде студент жастар аталмыш жобаның арнайы сайтына тіркеліп, қатыса алады. Бұрын қатысушылардың жасы 25-35 жасты құраған болса, осы кезеңде ол 18-29 жасты көрсетіп отыр. Жобаның басты мақсаты – заман талабына сай басқарушыларды даярлау болып табылады. Жоба негізінен оқу орындарын бітірген жас мамандар арасынан басқарушылық қабілеті бар кадрларды анықтай отырып, оларды іріктеу, даярлау және тәрбиелеуге, ел үшін аянбай еңбек етуге, кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған. Жобаға қатысушылар сұхбаттасу кезеңінен өтеді. Сұхбаттасуда қатысушыларға ойлау қабілеттерін тексеруге бағытталған сұрақтар қойылып, өз жауаптарымен ерекшеленген жастар бірінші оқу кезеңіне жолдама ала алады. Оқу кезеңінде 7 күн болып, әлеуетін ашу тақырыбында семинар-тренингтен, шеберлік-сыныптар мен тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, қатысушылар оқу орталықтарындағы оқу модулі кезінде ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебі негізінде жеке жобаларының таныстырылымын дайындайды. Жоба жұмысына кіріскелі 6 жылдың ішінде мыңдаған үміткер бағын сынап көрген. Солардың біразы бүгінде жобаның игілігін көруде. Яғни, бүгінгі таңда талапты жастарға жан-жақты қолдау бар. Уалихан Болатбек, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар