Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. «Ұлт жоспары – 100 қадам» баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет бағдарламасында 5 институттық реформаның 1-сі – кәсіби мемлекеттік аппарат құру. Соның 13-қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту деп айтылуда. Сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру деп көрсетіліп отыр. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығында, Жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне деген тәсілдерді де айқындаудың уақыты келді. Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуы сыбайлас жемқорлықтың таралу саласын және оның анықтамасына жататын адамдар тобын айқын түсінуге негізделуі тиіс. Бұл ретте бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілер мен елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету ісінде қиындықтар жасалмауы тиіс. Тұтастай алғанда, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы қысқаруға тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның жалпы әлемдік кеңістікке одан әрі кірігуі бойынша жасап жатқан қадамдары біздің елімізді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде қабылданған белгілі бір халықаралық стандарттарды ескеруге міндеттейді. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігі, бірінші кезекте, негізгі буыны сот төрелігінің мінсіз жүйесі болып табылатын құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету жүйесіне байланысты. Сот жүйесіне деген сенімді арттыру, сот төрелігін іске асырудың сапасын жақсарту үшін судьялардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның ішінде судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды қатаңдату арқылы болдырмау бойынша шаралар қабылданатын болады. Сот ісін жүргізуді оңайлату, оның жеделдігін арттыру, соттардың қызметін автоматтандыру сот төрелігіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сот жүйесі қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Республикамыздың барлық облыстық, аудандық бұқаралық ақпараттар құралдарында мекемелер тарапынан мыңдаған мақалалар жарияланып жатқанының өзінде жемқорлықтың дерті тыйылар емес. Халық бір жағынан көшеден көрген билбордтар мен газетке жарияланып жатқан жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу насихат жұмыстарына көздері де үйреніп кеткен сияқты. Бір жағынан қарасаң, халық оған көңіл аудармайтын да сияқты. Сол себептен мұны күрделі мәселені халыққа басқа тәсілмен жеткізу керектігін ойластыру қажет. Кейбіреулер жағдайы жоқ болған соң жемқорлыққа барады деп ойлайды, бірақ бір жағынан қарасақ, статистикалық жағынан да, теледидарлардан да көбінесе әлеуметтік жағдайы жоғары тұлғалар осы жемқорлыққа барып ұсталып жатыр, ол неліктен, мүмкін ақша көп болған сайын жеткіліксіз болатын шығар. Бірақ қарапайым орташа әлеуметтік күнкөріс деңгейіндегі азаматтар да осы жемқорлыққа барады. Халық білуі қажет, егер де осындай қылмысқа баратын болса, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің компьютерлік базасына тіркеледі, кейін жұмысқа тұрардың алдында осы база арқылы анықтама алған кезде аты-жөні шығады да жұмысқа кіруге қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне Жуалы аудандық соты тарапынан үлкен мән беріледі. БАҚ арқылы мақалалар жариялау, семинар сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізу міндетті мақсаттардың бірі болып табылады. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу қажет.
Айдарбек Замбаев, аудандық соттың судьясы.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді