«Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты 10 бөлімнен тұратын деректі фильмнің түсірілімі аяқталды
- author «Ақ жол»
- 11 қараша, 2015
- 758
«Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты 10 бөлімнен тұратын деректі фильмнің түсірілімдері аяқталды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова мәлім етті. «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты 10 бөлімнен тұратын деректі фильм бойынша бүгінде түсірілімдер аяқталып, өндірістік монтаждау кезеңі жүргізіліп жатыр. Бұл деректі фильмге еліміздің және шетелдің бетке ұстар ғалымдары, ақындар, режиссерлер қатысты», - деді А.Райымқұлова. Сонымен қатар ол биыл шілдеде Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында «Дешті-Қыпшақ: Құпия белгілер» деп аталатын екі сериалы деректі фильм көрерменге жол тартқанын еске салып өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен түсірілген фильмнің сценарий авторы әрі жоба режиссері - Бақыт Қайырбеков. Белгілі болғандай, жобаның толық аяқталуы 10 желтоқсанға жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта аталған сериалды эфирге шығару бойынша «Қазақстан» және «Еуразия 1» телеарналарымен келісім жасалған көрінеді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




