2016 жылдың қаңтарында «Қазақ елі» анимациялық фильмі көрерменге жол тартады

2016 жылдың қаңтарында «Қазақ елі» анимациялық фильмі көрерменге жол тартады
ашық дереккөз
2016 жылдың қаңтарында «Қазақ елі» анимациялық фильмі көрерменге жол тартады

Қазақ хандығы туралы «Қазақ елі» анимациялық фильмі 2016 жылдың қаңтарында көрерменге жол тартады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова осылай мәлім етті.

«Қазіргі уақытта «САҚ» киностудиясы Қазақстан хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» атты 1 сағаттық толықметрлі анимациялық фильмі бойынша жұмыс істеуде. Оның жалпы көркемдік шешімі, кейіпкерлерінің келбеті мен эмоциялық көрінісі, негізгі көріністер бойынша музыкалық партитурасы толық аяқталды», - деді А.Райымқұлова. Белгілі болғандай, кейіпкерлердің сюжет бойынша қимылдары, фондық дыбыстар, актерлік дыбыстау, көріністерді 3D әдісіне жобалау мен құрастыру, реңдерді келтіру секілді шығармашылық және техникалық жұмыстар жүргізілуде. «Жоспар бойынша 10 желтоқсанда бұл анимациялық фильм толық аяқталады деп жоспарлануда. 2016 жылғы қаңтарда «Қазақстан» телеарнасында оның тұсаукесері өтеді деп күтілуде», - деді А.Райымқұлова. Атап айтқанда, анимациялық фильмді әлемдік прокатқа шығару жөнінде шетелдермен келіссөздер жүргізілуде. Жобаның режиссері - Батырхан Дәренбеков, көркемдік кеңесшісі - Дулат Исабеков, продюсері - Сәбит Әбдіқалықов, сценарий авторы - Сағаділдә Үсіпәлиев.

Ұқсас жаңалықтар