Қазақстандықтар үшін міндетті медициналық сақтандыру: Тұрғындар не үшін өз қалтасынан төлейді?

Қазақстандықтар үшін міндетті медициналық сақтандыру: Тұрғындар не үшін өз қалтасынан төлейді?
ашық дереккөз
Қазақстандықтар үшін міндетті медициналық сақтандыру: Тұрғындар не үшін өз қалтасынан төлейді?

медҚазақстандықтар үшін міндетті медициналық сақтандырудың қандай қажеттілігі бар? Тұрғындар өз қалтасынан Міндетті медициналық сақтандыру қорына төлегеннен не табады? NUR.KZ редакциясы жаңа маңызды заңнаманың кей сұрақтарына жауап іздеді.

Еске салсақ, 2017- ші жылдан бастап әр компания қызметкері үшін жалақысынан тыс 5 пайыз ақшасын міндетті медициналық сақтандыруға төлейтіні мәлімденген болатын. Бұл қаржы арнайы құрылатын қорға жиналады деп хабарлайды КТК арнасы.

Кейін осы сақтандыруда ақшасы бар кез-келген адам қалаған дәрігеріне барып ем-домын алауына болады. Ал, оның емі үшін дәрігерге ақша сол қордан төленбекші.

Жеке меншік клиникалар да осы жаңа жүйеге кіруді қалап отыр. Өйткені, медициналық сақтандыру жұмысын бастаса, қалтасынан ақша шығарып емделетіндер азаяды. Ем-домы үшін барлық төлемдер қордағы ақшадан алынатындықтан емханалар арасында бәсекелестік басталары анық.

“Бәсекелістік медициналық қызмет көрсету сапасын арттырады. Дәрігер ақшаны көбірек тапқысы келсе, науқасқа барынша жағуы керек. Өйткені, сырқат адам кімге барып емделгісі келсе өзі біледі. Ақша сақтандырудан төленеді. Ал, әлеуметтік аз қамтылғандар, мүгедектер мен зейнеткерлер үшін сақтандыруға ақшаны үкімет төлейді”, – дейді  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой.

Сарапшылардың пікірі қандай?

Nur.kz редакциясы Қазақстан медицниалық компаниялар қауымдастығы сарапшыларының пікірін біліп қайтты. Аталмыш қаумыдастықтағы Кәсіпкерлік істі қолдау және дамыту департаментінің басшысы Қуаныш Керімқұлов бұл заң қазақстандықтар үшін қажет әрі еліміздің бәсекеге әлдеқайда қабілетті етеді деген ойда. Алайда ол заңның әлі де өзгертілуі тиіс тұстары барын алға тартты. Ол бұған шешім ретінде жақсы дамып жатқан Германия, Франция, Қытай сияқты елдердің заңына сүйене отырып өз заңымызды жасауға кеңес берді.

Бұл заң медицина қызметінің сапасы мен құнына әсер етеді ме деген сауалға маман айтырлақтай өзгеріс бола қоймайды деген жауап қайтарды. Оның ойынша, заңда медициналық қызмет нарығындағы бәсекелестікті күшейту мәселесі қарастырылмаған.

Ал “Атамекен” басқармасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваболса, заң отандық бизнеске тым көп салмақ салмауы керек деген пікірде.

“Барлығы мемлекеттік бюджет мүмкіндіктері төмендеп жатқанын түсініп отыр. Сол себепті мемлекет осындай қадамға барды. Алайда біз өз кезегімізде мемлекеттің алдымен тепе-теңдікті сақтап, отандық бизнеске тым көп салмақ түсірмеуі тиіс екеніне сенімдіміз”, – дейді ол.

Халық арасында осы мәселеге талай сауланама жүргізгенін алға тартқан маман “Атамекен” бақармасының ұсынысымен медициналық сақтандыруда мемлекет есебінен негізгі пакеттің берілуі мақұлданғанына назар аудартты.

Сонымен қатар қорға төлем жасауды біртіндеп жүзеге асыру ұсынысы да мақұлданған. Яғни жұмыс беруші тарап 2019 жылдан бастап – 1%, 2020 жылдан бастап – 2% төлем жасап, біртіндеп төлем үлесін көтеретін болады.

Не себепті “азамат қайтыс болғаннан кейін оның сақтандыруға жинақталған қаражаты мұра ретінде жақындары өтпейді” деген сұраққа Якупбаева “ондай жағдайда сақтандырудың тарифтері қымбаттай түсер еді” деген жауап қайтарды.

Ұқсас жаңалықтар