Сарыағаштықтар жүзім жинаудан рекорд жасады
Сарыағаш ауданында өткен «Алтын күз-2015» мерекесінде бірқатар еңбек майталмандары марапатталған болатын. Онда Қапланбек ауыл округінен «Бахадур» шаруа қожалығының иесі Б.Рашидходжаевтың еңбегі ерекше аталды.
Шаруа өзінің 1,5 гектар жүзім алқабынан 55 тонна өнім алған. 1998 жылы құрылған шаруа қожалықтың небәрі 4 гектар ғана жері бар. Жүзімнен қалған жеріне көшет, көкөніс өндіріп сатады. Қапланбек - «Қапланбек» маркалы шарабымен кешегі Кеңес одағына әйгілі болған ауыл. Былтыр бұл ауылдың жүзім өндірушілері 234 гектардан 2890 тонна өнім алса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге артып, 5148 тоннаны құрап отыр, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




