Назарбаевтың баспасөз хатшысы: Ортақ валюта құру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ
- author «Ақ жол»
- 11 қараша, 2015
- 557
Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында онлайн-брифингте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев «Қазақпарат» ХАА сауалына жауап берді.
«РФ Мемлекеттік Думасының ТМД істері жөніндегі Комитет Төрағасы Леонид Слуцкийдің қазіргі уақытта ЕАЭО елдері үшін бірыңғай есеп айырысу бірлігін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр деген сөзіне қатысты не айта аласыз?» деген сауалға Дәурен Абаев: «Қазіргі таңда есеп айырысу бірлігі мен ЕАЭО ортақ валютасын құру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселе интеграциялық бірлестіктің бір де бір деңгейінде талқыланып жатқан жоқ», – деп жауап берді.
Еске сала кетейік, Ресейлік депутат ЕАЭО елдері арасында ортақ валюта енгізу жұмыстары туралы баяндап, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үшін ортақ валюта енгізу жұмыстары баяу болса да жүріп жатырғанынайтқан болатын.
Ал саясаттанушы Расул Жұмалы ортақ валютаның тек Ресейге ғана тиімді екенін айтып, мұның Қазақстанның экономикалық дербестігіне қауіп төндіретінін ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




