44 жастағы келіншек мәңгі жас күйінде қалатын алғашқы әйел болмақ
- author «Ақ жол»
- 11 қараша, 2015
- 505
Екі баланың анасы, қайсар зерттеуші Элизабет Пэрриш ғылыми тәжірибеге қатысып жатыр. Ол ағзаның қартаюын тоқтату үшін геномын өзгерткен тарихтағы алғашқы әйел атанды.
Биыл күзде 44 жастағы америкалық зерттеуші Элизабет Пэрриштің тамырына генетикалық материал енгізді. Ол ағзадағы әр жасушаға еніп, қартаюды тоқтатады. Бұл адам денсаулығына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.
«Біз белгілі бір пайдалы генді аламыз. Сонымен қатар вирусты алып, оны тазартамыз – ауруды тарату мүмкіндігінен айырамыз. Вирус ішіне ген енгізіп, бұл құрылымды ағзаға енгіземіз», – деп түсіндірді ғалым. Элизабет сөзіне қарағанды, әрі қарай вирус векторы жасушаларға тарап, генді жылжытып, жасушалардың ядросына орнатады. Осылайша жасару мен сауығуға қажетті белоктардың бөліну белсенділігі артады.
Үш айдан кейін алғашқы биологиялық қорытындылар жасалып, қатысушы жан-жақты тексеріледі, деп жазады шетелдік БАҚ.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




