Денсаулықта - 28, білімде - 29, ал өзге салаларда - 40 пайызға дейін жалақы көбейеді
- author «Ақ жол»
- 10 қараша, 2015
- 718
Бүгін Астана қаласы әкімдігінде өткен жиында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіріп, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің дамуы турасында баяндама жасады.
Министр өз сөзінде денсаулықтта - 28, білімде - 29, ал өзге салаларда - 40 пайызға дейін жалақы көбейетіндігін атап өтті.
- Еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін енгізгеннен кейін біліктілігіне байланысты негізгі персонал қызметкерлерінің жалақысы сараланып арттырылуы күтілуде. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында - 7 пайыздан 28 пайызға дейін, білім беру саласында - 15-тен 29 пайызға дейін, ал өзге салаларда - 8-ден 40 пайызға дейін көтерілуі күтілуде, - деді Тамара Қасымқызы.
Сондай-ақ, министрдің түсіндіруінше ендігі жерде қызметкердің жалақысы оның білімі мен біліктілік деңгейіне, еңбек өтіліне және т. б. да талаптарына қарай өсім сараланатын болатын көрінеді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




