«Астана аруы-2015» конкурсында бриллиант таратамыз - О.Радеш
- author «Ақ жол»
- 10 қараша, 2015
- 836
«Астана аруы-2015» конкурсының жүлде қоры 1 млн теңгені құрайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында конкурс директоры Ольга Радеш мәлім етті.
«Конкурстың жүлде қоры 1 млн теңгені құрайды. Бұдан тыс, демеушілер өз сыйлықтарын ұсынады. Тіпті, сыйға бриллиант та таратамыз. Бойжеткендеріміз сымбатын жоғалтпасын деп, фитнес-клубтарға абонементтер береміз»,-дейді О.Радеш.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ең жасы 16 жастағы оқушы мен 23 жасқа дейінгі студенттер арасынан 20 бойжеткен «Астана аруы» тәжіне «таласады». Байқаудың бас жүлдесі мен үш орнын иеленген қыздар «Қазақстан аруы» жарысына жолдама алады. Биыл «Астана аруы» конкурсының кастингіне 200 бойжеткен қатысқан. Соның ішінен іріктелген 20 бойжеткен күніне 7-8 сағаттан, үш апта бойы тынымсыз дайындалып жатыр екен.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




