Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күніне орай өткен әскери шеруге қатысты. Мерекелік шара "Қазақ елі" алаңында өтті.
«Бізде тұрақты экономика, берекелі қоғам, дайындалған қуатты армия бар. Біз жаңа Қазақстан рухына, прогресс, болашақ құру рухына адалмыз. Бізде барлық өңірлер, қалалар, аудандар және ауылдар бірыңғай ырғақпен дамуда. Біздің басты байлығымыз - бейбітшілік пен келісім. Елдің әрбір азаматының парызы - біздің халқымыздың бірлігін сақтау, қорғау», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет Басшысы сондай-ақ, еліміздің Қарулы күштері, Ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер, мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық гвардия мен Төтенше жағдайлар министрлігі өздерінің алдына қойылған барлық міндеттер мен тапсырмаларды толықтай орындап отырғанын да айтты.
Айта кетейік, биылғы әскери шеруге Қазақстанның жаңа қорғаныс министрі Серік Ахметов те қатысты. Салтанатты шеру Еліміздің Қарулы Күштері Құрлық әскері Басқолбасшысы Мұрат Майкеевтің жетекшілігімен өтті.
"Құрметті қазақстандықтар, мен сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біздің айбынды әскеріміз жасасын, біздің Қазақстанымыз жасасын!", - деді Назарбаев.
Салтанатты шараға екі мыңнан астам әскерилер қатысатын болса, олардың мың жарымын еліміздің Қарулы күш құрылымдарында қызмет ететіндер құрайды. Онда сондай-ақ, 250 дана әскери техника түрлері, 600-ге жуық десанттар мен экипаж мүшелері, 75 дана ұшатын аппараттар қатысты. Шеруге қатысқан бірқатар техника түрлері отандық өндіріс орындарында шығарылған.
Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




