Алматыда Батырхан Шүкеновтің құрметіне Кеңсай зиратында мемориал кешені ашылды
- author «Ақ жол»
- 9 қараша, 2015
- 817
Алматыда Батырхан Шүкеновтің құрметіне Кеңсай зиратында мемориал кешені ашылды. Бұл туралы марқұмның арт-директоры, отбасының досы Олжас Байқанов айтты.
«Батырдың достары, жағдайы жақсы адамдар осы ескерткішті қоюға көмектесті. Оның отбасы да өз көмек қолын ұсынды. Кешен өте қымбат, бірақ талғаммен жасалды», - деді О.Байқанов. Қою жасыл түсті Қордай тасынан жасалған кешен жарты ай түрінде жасалған. Сол жағында скрипка кілті бейнеленген. Ескерткіш тақтасының биіктігі 2,15 метр. Оң жағында саксофон ұстаған Батырдың бейнесі бейнеленген. Автор Әсел Есжанованың ойына сәйкес, скрипка кілтінің үстінен орган аспабының 52 трубасы салынды. Бұл батырдың 52 жасын білдіреді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




