146 мың салымшының ұлттық валютадағы депозиті қайта рәсімделді
- author «Ақ жол»
- 9 қараша, 2015
- 711
Қазақстан банктері жинағын ұлттық валютада ұстаған 146 000 салымшының депозитіне өтемақы төледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде депозиттерді қайта ресімдеуге берілген 129 000 салымшының өтініші банктердің қарауында жатыр.
Айта кету керек, ҚР Ұлттық банкі еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібін бекіткен болатын.
Құжатқа сәйкес өтемақы салымшының 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында теңгемен ашылған депозиті болған жағдайда ғана төленеді. Бұл ретте депозит бойынша банк шотындағы қалдық 1 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Кейіннен банктердің салымшылардан өтініштер қабылдау мерзімі 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Осыған байланысты Тәртіп шеңберінде өтемақы алу үшін салымшылар 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде депозиті бар банкке депозитті қайта ресімдеу үшін өтініш беруі қажет.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




