3500 борышкердің ипотекалық қарыздары қайта қаржыландырылды - ҚР Ұлттық банкі
- author «Ақ жол»
- 9 қараша, 2015
- 241
ҚР Ұлттық банкі ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының жүзеге асуы туралы хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3500 борышкердің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырылды.
Бүгінгі таңда банктер Бағдарлама шегінде қарыздарды қайта қаржыландыруға 11 мың өтінім қабылдады. Оның ішінде 6 мың өтінім бойынша қайта қаржыландыру туралы оң шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банкке ҚР Үкіметімен бірлесіп ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру барысында Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру үшін 130 млрд. теңге бөлді.
Ұлттық Банк Басқармасы 2015 жылы сәуірде арнайы бағдарлама бекітті.
Бағдарлама қарыз алушылардың кепілге берілген жалғыз тұрғын үйін сақтау, қарызды өтеуде қарыз алушылардың ең көп санына жәрдемдесу және проблемалық кредиттердің үлесін төмендетуге бағытталған.
Бағдарламаның талаптарына сәйкес, бөлінген ақшаны игеру кезеңі «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың банкте салымды орналастыру күнінен бастап 9 айды құрайды. Ақша банктерде ағымдағы жылғы маусым-шілдеде орналастырылды, тиісінше игеру кезеңі 2016 жылғы наурыз-сәуірде аяқталады. Осы орайда қарыз алушылар банктерге қарыздарын қайта қаржыландыру үшін өтініштерін және құжаттарын беруді жеделдетуі қажет.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді