БАҚ ресейлік А321 ұшағының бортына жарылғыш зат қоюы мүмкін адамның атын атады
- author «Ақ жол»
- 9 қараша, 2015
- 684
Ресейлік "Когалымавиа" компаниясына тиесілі А321 ұшағының бортына жарылғыш затты "Вилаят Синай" қылмыстық тобының басшысы Әбу Усама әл-Масри қоюы мүмкін. Бұл туралы The Sunday Times басылымы Ұлыбритания үкіметінің дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның мәліметінше, Масри "тергеу кезінде қызығушылық танытылған жалғыз адам", Ұлыбритания Мысыр мен Ресейге оны ұстауға көмектесе алар еді. Бұл үшін Мысырға ағылшын әскерін кіргізу керек.
Ұлыбританиялық барлау қызметінің өкілдері Масри жалдаған әуежай қызметкерінің А321 ұшағының жүк салатын бөліміне жарылғыш затты қойғанына сенімді.
Бұған дейін мысырлық комиссия мамандары ресейлік А321 ұшағының бортына бомба қойылды деген нұсқаны айтқан болатын. "Табылған "қара жәшіктегі" өлшеулердің көрсеткіші мен дыбыстың сараптамасы мұның жарылғыш заттың болғанын айғақтайды. Біз мұның бомба болғанына 90 пайызға сенімдіміз", - деп мәлімдеді комиссияның мысырлық сарапшыларының өкілі.
Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




