ШҚО-да полиция сержанты көрсеткіштерді жақсарту үшін марқұмды «тірілткен»
- author «Ақ жол»
- 9 қараша, 2015
- 273
ШҚО-ның полиция сержантын көрсеткіштерді жақсарту мақсатында марқұмды «тірілткені» үшін Шемонаиха соты жазаға тартты.
Полиция бөлімінің патрульдік қызметкері әкімшілік тәртіпбұзушылықтарды анықтаудағы көрсеткіштерін жақсарту үшін жалған құжат әзірлеген.
Сол үшін, тіпті 2010 жылы қаза болған тұрғынды «тірілтуден» де тайынбаған. Ол қайтыс болған азаматтың жеке куәлігінің көшірмесін алып, оған Шемонаиха стансасында тыйым салынған жерді 2015 жылдың 18 қаңтарында кесіп өткені үшін «айыппұл» салған.
“Сотталушы, әкімшілік тәртіпбұзушылықтар ісі бойынша жалған дәлелдерді ұсынғаны үшін кінәлі деп табылды. Оған 1 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығын шектеу әрі мемлекеттік билік органдарында 2 жылға қызметтен аластату жазасы тағайындалды. Бұдан өзге ол полиция сержанты шенінен айырылды”, – делінген Шемонаиха аудандық сотының баспасөз хабарламасында.
Экс-сержант өз кінәсін мойындамай, бұл әрекетке бастығының бұйрығымен барғанын алға тартты. Ол сот шешіміне қарсылық білдірмек.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді