Ақтық сынға алты ұйым ұсынылды
Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».
Бастауыш партия ұйымдарының басты бағыттарының бірі – «Нұр Отан» партиясының қолға алған іргелі жобалары мен бағдарламаларын партиялық-ұйымдастырушылық және ақпараттық бағытта насихаттау және бас партияның идеологиялық қызметін жетілдіру. Ашығын айтқанда, елді партия төңірегіне топтастырып, билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайту, ауылдық жердің көркеюі мен проблемалық мәселелердің шешімін табуына атсалысу, мемлекеттік бағдарламаларға бақылау жасау, жастармен жұмысты күшейту бағытында да бастауыш партия ұйымы белсенді жұмыс жүргізуі қажет. Сондай-ақ, партия мүшелерінің есепке алынуы мен шығарылуы, олардың белсенділігін арттыру және жарнаның уақтылы төленуі секілді толып жатқан тірліктер де осы бастауыш партия ұйымдарынан бастау алады.
Үздік бастауыш партия ұйымын анықтап, олардың жұмыс тәжірибесін үлгі ретінде барлық өңірлерге тарату, партия жұмысына қоғамдастық назарын аудару және кәсібіи деңгейі жоғары, белсенді БПҰ төрағалары арасынан алдағы уақытта партиялық немесе басқа да сайланбалы қызметтерге ұсыну, яғни, партиялық кадрлар резервін қалыптастыру – қазіргі таңда өткір тұрған мәселе. Сондықтан да, елдегі жетекші партия биыл республикалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауын ұйымдастырып отыр.
Бұл байқаудың бірінші кезеңі қыркүйек айында әр ауданда өтсе, екінші кезең де І санаттағы (құрамында 100-ге дейін партия мүшесі бар), ІІ санаттағы (құрамында100-ден 500-ге дейін партия мүшесі бар), ІІІ санаттағы (құрамында 500 және оданда көп партия мүшесі бар) бастауыш партия ұйымдарының төрағалары «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында 7 бағыт бойынша сынға түсті. Он ауданнан келген 25 үміткердің бүгінге дейінгі атқарған жұмыстары арнайы құрылған комиссия сарабынан өтті.
Бірінші санат бойынша, Талас ауданынан «Аққұм», екінші санат бойынша Байзақ ауданынан «Жарық тарту» Тараз қаласынан «Гидрометеорология», Т.Рысқұлов ауданынан «Рельс дәнекерлеу кәсіпорны», үшінші санат бойынша Жуалы ауданынан «Орталық» және Сарысу ауданынан «Қаратау» бастауыш партия ұйымдары ақтық сынға қатысуға үміткер ретінде ұсынылды.
Аталған ұйымдардың әр санат бойынша тек біреуі ғана таңдалынып алынып, олар Астана қаласында өтетін республикалық байқаудың үшінші кезеңінде бақ сынайтын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді