Сарапшы доллар бағамының 400 теңгеге жетуі мүмкін екенін айтты
- author «Ақ жол»
- 6 қараша, 2015
- 203
«Алматы» телеарнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасында экономист Мақсат Серәлі Қазақстанда көк қағаз құны қаншаға дейін көтерілетіндігін мәлімдеді.
«Ұлттық банктің төрағасы ауысқандығы баршаға мәлім. Осы уақытқа дейін Келімбетов теңгені ұстап тұру үшін белгілі бір қаражатты күнделікті сатып және сатып алып отырған. Қазіргі таңда жаңа басшы ауысқаннан кейін бұл процесс тоқтатылды. Енді теңгені толық еркін айналымға жіберу жоспарланып отыр. 1-2 күннің ішінде Ұлттық банктің жаңа төрағасы баспасөз конференция ұйымдастырып, өзінің саясатын ашық түрде халыққа жеткізеді. Сол кезде Ұлттық банктің төрағасынан болашаққа жоспарланған жоспарын көре аламыз», – деді Мақсат Серәлі.
Экономистің айтуынша, қазіргі таңда доллар бағамының өсуі заңды.
«Доллардың өсуі заңды. Өйткені, осы уақытқа дейін мұнайдың бағасы төмендеп келе жатыр. Яғни, Қазақстанға кіретін ішкі кірістің, доллардың көлемі азайғандықтан, ішкі нарықтағы теңгенің құны төмендей бастады. Бұның бірінші себебі, мұнай бағасының төмендеуі. Қазір мұнайдың бір бареллі 48 долларға бағалануда. Егерде мұнайдың бағасы ары қарай төмендей беретін болса, міндетті түрде теңге төмендейді. Қазіргі таңда Қазақстан экономикасына ең тиімді болатын мұнай бағасы 70-80 доллар төңірегінде, бірақ бұл көрсеткішке жете қойған жоқ. Сондықтан алдағы уақытта долларға шаққандағы теңгенің әлсізденуі мүмкін», – деді «Іскерлер уақыты» бағдарламасының қонағы.
Оның топшалауынша доллар бағамы алда 400-ге жетуі мүмкін.
«Доллар қаншаға жетіп, тоқтайтындығын нақты айтуға болмайтын шығар. Өйткені, процесс басталды және жүріп жатыр. Доллар бағамы тұрақтау үшін мұнайдың бағасы белгіленген деңгейге келіп тоқтауы керек. Доллардың теңгеге шаққан бағамы 350-360 теңгеден басталып, 400-ге де жетуі мүмкін», – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді