Жамбыл облысының экономикасы даму тұрақтылығын сақтап отыр - К.Көкірекбаев
- author «Ақ жол»
- 6 қараша, 2015
- 277
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өңірлік әкімдікте өткен отырыста жыл басынан аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын-ала қорытындысы талқыланды.
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Жомарт Әмірхановтың ақпаратынша, 2015 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында 187 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді. Сұраныстың төмендеуіне байланысты әктас, гипс, шикі мұнай, табиғи газ, металдық рудаларды өндіру көлемі қысқарды.
Фармацевтикалық өнім ( 1,4 есе), резеңке және пластмасса бұйымдары (3 есеге), өзге де минералдық өнім (4,6%) өндірісінің көлемі артты. Агросекторда ет, сүт, сары май, ірімшік, ұн, кондитерлік және ұннан жасалған тағамдар өндірісі артты.
ҮИИД бағдарламасы аясында бірінші жартыжылдықта үш жоба іске қосылды. Бұл - «Бурное Solar-1» ЖШС күн электростансасының жобасы. Оған шетелдік инвестициялар тартылды.
«Полиэтилен-Агро» ЖШС-нің құны 381,2 млн. теңгені және қуаттылығы жылына 500 тоннаны құрайтын полиэтилен қабықшалары мен жылыту кешендерін өндіретін зауыт. Оның ашылуымен 27 жұмыс орны құрылды. «Тараз-көлік жолы» ЖШС құрылысқа арналған құм, қиыршық тас және құрылысқа арналған қосындыларды өндіру бойынша зауыт құрылысының жобасын жүзеге асырды. Құны 250 млн. теңге және жобалық қуаттылығы жылына 50 мың текше метр. 35 жұмыс орны ашылды.
Ж. Әмірханов атап өткендей, 385,7 мың тонна дақыл жиналды. Облыс бойынша масақты дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 16 центнер болды. Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 124,6 млрд. теңгені құрады.
Шағын және орта бизнесті субсидиялау бойынша аймақта 49,6 млрд. теңгеге 493 жоба жүзеге асырылды.
«Экономиканың өсімін қамтамасыз ету мәселесінде агроөнеркәсіптік секторға үлкен үміт артып отырмыз, - деді өңір басшысы К. Көкірекбаев. - Аудан әкімдері, шаруа қожалықтардың басшылары жыл соңына дейін ауылшаруашылық өнімі өндірісінің өсімін қамтамасыз етуі керек».
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді