Жамбыл облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет маманы миллион теңге парадан бас тартты
- author «Ақ жол»
- 6 қараша, 2015
- 593
Жамбыл облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне кәсіпорынды тексеру барысында қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін ірі сома ұсынған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.
«Азамат А. өзін қылмыстық жауапткершілікке тартпау, қылмыстық іс бойынша оң шешім шығару үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерін «сатып» алмақ болған», - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Гүлназ Бақытжанқызы айтып өткендей, 2 қазанда «Орталық қазандық, резервтік сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту» нысанын тексеру барысында «Прогресс Инжиниринг» ЖШС мердігер фирмасының директоры А. бұрын қозғалған қылмыстық іс жауапкершілігінен жалтарып, оң шешім шығару үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне 920 мың теңге ұсынған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері бұл фактіні департамент бастығына хабарлаған. 15 қазанда «Прогресс Инжиниринг» ЖШС директоры А. лауазымды тұлғаға пара бермек болды деген күдікпен ұсталды», - деп нақтылады Г. Бақытжанқызы. Қазіргі уақытта «Прогресс Инжиниринг» ЖШС директоры А-ға ҚР ҚК 367-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кепіл түрінде бұлтарпау шарасы қабылданды. Кепіл ретінде А. сот депозитіне 800 мың теңге ақшалай қаражат енгізді. Сот алды тергеу жүргізілуде, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




