Депутат қазақстандықтарға ақшасын доллармен сақтауға кеңес берді
- author «Ақ жол»
- 5 қараша, 2015
- 686
Қазақстандықтарға ақшасын долларман сақтаған дұрысырақ. Мұндай пікірді мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов айтты.
Ол тұрғындарға теңге тұрақсыз болғандықтан қаражатты еуромен және доллармен сақтаған абзал деген пікірде.
«Ақшасын ұзақ мерзімге сақтағысы келетіндерге қаражатын шетелдік валютамен сақтаған тиімдірек. Себебі біз теңгенің тұрақсыздығына куә болудамыз. Біздің экономика шағын ғана болғандықтан, теңге біздің қаражаттарға кепіл бола алмайды. Сол себепті мен мүмкіндік болса, қаражатты шетелдік валютада сақтаған жақсырақ деп санаймын. Ал қысқа мерзімді қаражатты теңгемен сақтай беруге болады», – дейді депутат.
Ақшадан ақша пайда болады деп санайтын Тұрсынбек Өмірзақов қазақстандықтарға барынша бизнеспен айналысуға кеңес берді.
Еске салсақ, өзге отандық саясаткерлер бұған дейін мүлдем басқаша кеңестер айтып келген. Мәселен Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетов бірнеше рет тұрғындарды тек отандық валютада ақша сақтауға шақырған болатын. Тіпті өзі де тек ұлттық валютада ақша сақтайтынын алға тартқан еді.
Бірнеше сағат өтпей жатып, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов те қазақстандықтарды теңгемен ақша сақтауға кеңес берген.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




