Мойынқұм ауылындағы автовокзалда бір мезгілде екі бағыт ашылды
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басындағы дағдарыс кезінде Мойынқұм ауданының орталығы – Мойынқұм ауылындағы 60 орындық автовокзал да жұмысын тоқтатқан болатын. Ауыл тұрғындары діттеген жерлеріне таксилермен қатынап келді. Мойынқұмнан Шу қаласына баратын жолаушы жолақысына 1200 теңге төлейді. Қайтарда да осындай ақша шығындауға тура келеді. Аудан орталығынан Алматыға бару үшін 4 мың теңге төлеу керек. Әлбетте, мұны екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Осыны ескерген Мойынқұм ауылының тумасы, кәсіпкер Пернебай Рсымбетов қараусыз қалған бұрынғы автовокзал ғимаратын сатып алып, оны 2 миллион теңгеге жөндеуден өткізді. Біраз автобус жүргізушілерімен келісімшарт жасасып, «Мойынқұм-Шу» және «Мойынқұм-Алматы» автобус бағыттарын ашты. Қазір автовокзалдан қатынайтын 3 автобус бір мезгілде Шу қаласына 55 жолаушы жеткізеді. Жолақы – 600 теңгеден. Алматыға 6 шағын автобус қатынайды. Таксидің жарты құнын төлейді. Мойынқұмдықтар бұған дән риза.
– Тұрмыстық заттар және дәрі-дәрмек әкелу үшін Шу қаласына жиі қатынаймыз. Таксиге жолақы төлеуге көп адам қиналатын. Осындай игі іске ықпал еткен аудан әкімі Бақытжан Нүркеновке және автовокзалдың жұмысын қайта жандандырып, жолақыны арзандатқан кәсіпкер Пернебай Рсымбетовке алғысымыз шексіз. Енді аудан орталығындағы көшелер мен әлеуметтік нысандарға қатынайтын автобустар жүргізсе, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді ауыл тұрғыны Зағира Серкебаева.
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді