«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ана бір қолымен бесікті тербетсе...

Ана  бір қолымен  бесікті тербетсе...
ашық дереккөз
Ана бір қолымен бесікті тербетсе...

екінші қолымен әлемді тербетеді

Гүлсара Даузова, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің мүшесі, «Вынхуа» дүнген этномәдени орталығы төрағасының орынбасары.

Елордамыз Астана қаласындағы «Думан» қонақ үйі кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің ІІ отырысы өткен болатын. Маған сол үлкен шараға қатысып қайту бақыты бұйырыпты. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚХА өңірлік Аналар кеңестерінің, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қазақстандық біртектілік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту мен дамытудың іргетасы ретінде отбасылық құндылықтарды сақтап, нығайтуды мақсат еткен бұл жиында көптеген мәселе айтылып, талқыға түсті. Кеңес отырысы барысында «Қазақстандық біртектілікті қалыптастырудағы ҚХА Аналар кеңестерінің рөлі» деген тақырыпта талқылау және «Жақсы отбасы – абыройлы азамат», «Өзара қатынастар ілімі», «Ұрпақтар дағдарысы: үлкендердің, қатарластардың, жасы кішілердің қатынастары», «Дені сау әйелдер – дені сау ұлт» тақырыптарында шеберлік сағаттары өткізілді. «Қазақстанда іс жүзінде әйелдер ұйымдары айтарлықтай көп, бірақ олардың әрқайсысының: гендерлік бағыт, кәсіпкерлікті дамыту, еңбекке қабілетсіз балалармен жұмыс жүргізу сияқты өз бағыты бар, бірақ тікелей тәрбие беру бойынша жүргізілетін жұмыс назардан тыс қалды. Ал бұл өте үлкен қажеттілік деп ойлаймыз. Президентіміз айтқандай, ұлттың мәдени кодын сақтау үшін тәрбие мәселелерін қоғамның басты тақырыбы етіп қою керек. Бүгінгі күннің негізгі міндеті – болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру. Бұл – біздің көздеген мақсатымыз, оған жетуіміз үшін қазақстандық біртектілікті қалыптастыру бойынша жұмысымызды жалғастыруымыз керек. Қандай да болсын: этностық, діни, тілдік біртектілік отбасында қалыптасады, ата-анасыз, жақындарымызсыз біз тұлғаны қалыптастыра алмаймыз» деген еді сұхбаттарының бірінде ҚХА хатшылығының сектор меңгерушісі Нәзипа Шанаи. Шындығында, отбасылық құндылықтарды басты орынға қоймай, біртұтас елді қалыптастыру мүмкін емес. Іс-шара барысында барлық өңірлердегі Аналар кеңестерінің қоғамдық ұйымдардың бастамаларын, негізгі бағыттары мен жетістіктерін көрсететін әлеуметтік жобаларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Біз де аталған жәрмеңкеге белсенді түрде атсалысып, облысымызда ұлттарды ұйыстырып, бірлігімізді арттыру жолында жасалып жатқан жұмыстармен көпшілікті таныстырып қайттық. Жасаған жұмыстарымыз бағаланып, арнайы Алғыс хатпен марапатталдық.

Ұқсас жаңалықтар