Қазақстан АИ-80 маркалы бензиннен толықтай бас тартуы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 5 қараша, 2015
- 712
Қазақстан АИ-80 маркалы бензинінен Кедендік одақ қойған техникалық тәртіптерге сай келмейтіндіктен толықтай бас тартуы мүмкін деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.
Еуро-4 стандарттарына сәйкес келетін өнімдерге көшуді көздейтін Кедендік одақтың техникалық тәртіптері 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.
Оған сәйкес, АИ-80 маркалы бензині техникалық тәртіптерге сай келмейді. Сол себепті бензиннің бұл түрі көп ұзамай өндірістен шығуы ғажап емес.
Таяу арада АИ-80 маркалы бензиннің тапшылығы орын алады деп күтілуде. Себебі бұл маркалы безнинді өндіру көлемі Павлодар мұнай-химия зауытының 10 қыркүйектен 20 қазанға дейін жөндеу жұмыстарына жабылып қалуы салдарынан азайып кеткен.
Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты болса, АИ-80 бензинін өндіруден толықтай бас тартқан. Нәтижесінде аталмыш марканы тек Шымкент мұнай-өңдеу зауыты шығаруда.
Бүгінде әлем бойынша көптеген елдер АИ-80 бензинін өндіруден бас тартып жатыр.
Қазақстан да біртіндеп бұл марканы өндірістен шығаратын болады деп жазады басылым.
Ақпаратты “Время” басылымының рұқсатынсыз көшіруге немесе пайдалануға болмайды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




