Назарбаев 7 мамыр күнгі әскери шеруге қатысады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамыр күні әскери парадқа қатысады. Президенттің қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар жөніндегі хабарламада 7 мамырда Астанада болатын Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру аталады. Сонымен бірге, "6 мамырда Ақордада мемлекеттік марапаттар тапсыру, сондай-ақ жоғары әскери және арнаулы атақтар беру рәсімдері өтеді. 9 мамырда Мемлекет басшысының Жеңіс күнін мерекелеуге орайластырылған іс-шараларға қатысуы жоспарланған", - дейді Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруге 2000-ға жуық әскери қызметші, оның ішінде, Қарулы Күштердің жеке құрамынан 1500 адам қатысатыны хабарланған еді. Механикаландырылған колонна болып 250-ге жуық әскери техника мен жеке құрамның 600-ге жуық өкілі өтеді. Парадқа 56 ұшу аппараты жұмылдырылмақ.
Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Қазақстан - Қытай: екіжақты сауда көлемі 30 млрд долларға жетті
- 16 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді