Алматылық төбет қожайынына 5 көлік мінгізіп, $100 мың табыс әкелді

Алматылық төбет қожайынына 5 көлік мінгізіп, $100 мың табыс әкелді
ашық дереккөз
Алматылық төбет қожайынына 5 көлік мінгізіп, $100 мың табыс әкелді

итАты «Балақай» болғанымен бұл төртаяқтының денесі кішігірім танадай. Қазақстандағы №1 жеңімпаз ит болып саналады. Себебі, 6 жыл ішінде жүздеген төбелесті бастан өткерген ол бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.

Қожайынының айтуынша, «Балақайды» сатып алам деушілер көп, бірақ ол ешкімге бергісі жоқ.

«Күшік кезінен бағып, төбелеске баулыдым. Менен басқа адамға бармайды, бөтеннің қолынан тіпті тамақ ішпейді. Өзіне бауыр басып қалғанмын, отбасымның бір мүшесі деп санаймын. Соңғы 1 жарым жылда ит төбелесінің арасында барлық бас жүлдені қолдан жібермей, 5 автокөлік мінгізді. Жасыратыны жоқ қазір қартайып қалды. Ары кетсе 2 жыл төбелесе алады», – дейді «Балақайдың» қожайыны Сәбит.

Ит иесінің сөзінше, «Балақайдың» бір төбелесі 20 мың АҚШ доллары тұрады. Бұл соманы төбет өсіретін азаматтар екі жақтан теңдей бөліп шығарып, бәс тігеді. Кімнің алабайы азулы болып, қарсыласын 3 раундта жеңсе, бәйгені сол алады. Иттердің бір раундтық төбелесі 10 минуттан 30 минутқа дейін жалғасады.

Жарысқа көшедегі көрінген ит қатыстырылмайды. Шара алдын ала ұйымдастырылып, 10 шақты әділқазы бақылайды. Яғни төбелеске шығатын төртаяқты медициналық тексеруден толық өтуі қажет. Сондай-ақ, 3 күн бойы темір торға қамалып, бақылауда тұрған ит азу көрсетіп, ырылдап, ұлып, қыңсылуына болмайды. Себебі, ұлттық спорт саналатын бұл жарысқа бойында мұндай жағымсыз қасиеті жоқ, таза қанды төбеттер ғана қатысады.

Бұл суретте Балақайдың соңғы төбелесте иесі Сәбитке жол талғамайтын джипті жеңіп әперген сәті. Осыған сай иттің де құрметі жоғары.

Төбеттің қожайыны ит бағу оңай емес дейді. Танадай төбетті ұстау шығыны айына 50 мыңға жетіп жығылады. Себебі, төбелесте жүрген иттер денесіне май байламас үшін арнайы рецептімен пісірілген күріш, тазартылған ет, қымбат дәрумендер ішіп, үнемі жаттығуда болуы қажет.

Балақай аптасына 2-3 мәрте бассейнге барады, күніне 4 шақырым жүгіреді. Төбелестің әдіс-тәсілдерін үйренеді.

Қазір төбет қыста болатын ит төбелеске дайындықта. Қожайыны Сәбит болса, бұл жарыстан да олжалы оралатынына сенімді.

 

Ұқсас жаңалықтар