Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Өнер және мәдениет факультетінің 1 курс студенті Арайлым Шегенова Латвия астанасы Рига қаласында өткен самбодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде 80 келіден астам салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанды,-деп хабарлайды ТарМПИ баспасөз қызметі. Ол финалда ресейлік қарсыласынан басым түсіп, алтынға қол жеткізді. Дүбірлі додаға аталған салмақ дәрежесі бойынша 32 мемлекеттің саңлақтары қатысқан. «Арайлым үшін спорттың осы түрінің келешегі зор. Ол әлі талай қарсыластарын шаң қаптырып, жеңіс тұғырынан көрінеді. Өйткені, ол өте еңбекқор және төзімді. Спортта көп нәрсеге қол жеткізе алады» деді жетекшісі Қонысжан Танаев.
Айта кетейік, қазан айының 8-12 аралығында Латвияның Рига қаласында самбодан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі өтті. Халықаралық турнирде бақ сынаған А. Шегенова жарыс жолында Беларусь, Румыния, Ресей спортшыларынан басым түсті. Балғын спортшы бұған дейін жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанды. Оны жарысқа Қайролла Лұқманов дайындады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




