Бес ай бұрын Қазақстан басшысы бес институционалдық реформаларды іске асыру бойынша 10 қадамды белгіледі. «100 нақты қадам» ұлт жоспары - бұл әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кірудің өршіл жоспарына қол жеткізу үшін мемлекетті реформалау стратегиясы.
Қазақстан егемендік алған сәттен бастап Мемлекет басшысы Үкімет алдына экономиканың экспорттық-шикізаттық үлгісінен инновациялық үлгіге ауысуын қамтамасыз ету міндеттерін қойды. Соңғысы ішкі ғана емес, сонымен бірге сыртқы нарықтарда сұранысқа ие бәсекеге қабілетті өнім шығаруды көздейді.
Қойылған мақсаттарды іске асыруда шағын және орта бизнестің рөліне зор маңыз беріліп отыр. ШОБ саласын дамытуға Елбасы үнемі ерекше мән беріп келеді. Ол Қазақстанның барлық қабылданған стратегиялары мен салалық бағдарламаларында көрініс тапты.
Қазақстан Үкіметі бизнесті қолдау бойынша жүйелі шаралар кешенін іске асыруда. 90-шы жылдардың екінші жартысында 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. 2001 жылы Қазақстан Ұлттық қор құрды, оған мұнай өндіруден, оның экспортынан түскен кірістер жинақталады, осылайша, мұнайға жатпайтын экономиканы дамыту ынталандырылады. Қор Қазақстан үшін «қауіпсіздік көпшіліге» айналды, ол елімізге әлемдік экономика жүйесінің түбегейлі өзгеруімен қоса, соңғы жүз елу жылда орын алған ұзаққа созылған ең ауыр дағдарысты сәттерге төтеп беруге жәрдемдесуде.
2008-2010 жылдары дағдарыс жағдайында ел экономикасының даму қарқынын сақтап қана қоймай, сонымен бірге жаңа өндірістер мен жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген Жол картасы әзірленді.
Экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны әлемнің барлық мемлекетін шарпуда. Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру бастамасы дағдарысқа қазақстандық жауап бола білді. Оның аясында елдің дамуы бойынша 100 нақты қадамды іске асыру көзделген.
Үкімет, оның ішінде қаржы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында елдегі экономикалық белсенділікті қолдау бойынша жаңа ынталандыру шараларын қабылдауда. Бірінші кезекте, бизнесті дамыту тетіктері тұр.
Осы жұмыстар аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар кәсіпорындарын жекешелендіру арқылы экономиканы мемлекет иелігінен алу жүргізілуде. Әлемдік практика бұл шағын және орта бизнестің артуына ықпал ететінін көрсетті. Әсіресе қызмет көрсету бөлігін айтуға болады.
Қаржы министрлігінің «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасының аясында мемлекеттік органдарды ғимараттар мен автомашиналарды ұстау және оларға қызмет көрсету бойынша оларға тән емес функциядан босату бойынша жұмыстар жүргізілді: ғимараттар мен автотұрақтар Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне беріледі, сосын оларға қызмет көрсету үшін жеке бизнесті тартады. Мұндай сервистік үлгі, бір жағынан, бизнес алаңын кеңейте түседі. Екінші жағынан мемлекеттік қаражатты елеулі үнемдейді. Мысалы, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында ММЖД ғимараттар мен автомашиналар қызметін көрсету бойынша жеке бизнес субъектілерінен сомасы 29,5 млн теңге болатын қызметтерді (ғимараттарға кешенді қызмет көрсету, күзет, көлік қызметтері) сатып алды. Бұл бір жыл бұрын осы мақсатта мемлекет жұмсаған қаражаттан 20 пайызға төмен.
Қаржы министрлігінің бұл тәжірибесін таяу уақытта басқа мемлекеттік органдар да қолданады деп жоспарлануда.
Осылайша, мемлекет өз шығындарын қысқартудан ұтып қана қоймай, шағын және орта бизнеске жұмыс береді. Нәтижесінде, бұл жаңа жұмыс орындарының құрылуы мен бюджетке салық түріндегі қосымша түсімдерге әкеледі.
Бұдан басқа, қаржы министрлігі сыртқыэкономикалық қызмет қатысушылары үшін процедураларды жеңілдету және әкімшілік кедергілерді қысқарту үшін тауарларды электрондық мағлұмдау бойынша заңнамалық база әзірлеген. Сонымен қатар салық және кеден жүйелерін біріктіру және экспорттаушылар мен импорттаушылар үшін «бір терезені» құру жұмысы жүргізілуде.
Қаржы министрлігі кедендік тазалаудың «постфактум» режимін енгізу бойынша ұсыныстар дайындаған. Біздің сарапшыларымыз Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі жобасына тиісті түзетулерін жолдап үлгерді.
Қаржы министрлігінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы жұмысының тағы бір маңызды бағыты - ақшаны заңдастыру процедурасын жеңілдету және табыс пен шығындардың жалпыға ортақ мағлұмдалуын енгізуге дайындық болды. Парламент ел экономикасына ақшаны тез, қарапайым әрі сенімді қайтарудың одан да қолайлы және тартымды жағдайларын қарастыратын заңды қабылдады.
Осылайша, азаматтар өз ақшасын қаражатты банк шоттарына оларды сақтау, жинау төлемдері міндеттемелерінсіз заңдастыра алады. Яғни заңдастырған қаражатты қандай да бір санкцияларсыз өз білгенінше және шектеусіз пайдалану мүмкіндігі болады. Ақшаны заңдастырудың екінші нұсқасы - банк шоттарына есептеусіз салынатын «декларативтік форма». Бұл жағдайда азаматтар заңдастыру үшін мәлімделген соманың 10 пайызын төлеуі тиіс.
Мүлікті заңдастырудың тәртібі де айтарлықтай жеңілдетілген. Енді жергілікті мемлекеттік кірістер органдарына заңдастыратын мүлік үшін аталған декларацияны ұсыну жеткілікті. Заңдастыру комиссиялары иелену құқығы тиісті түрде ресімделмеген құжаттармен ғана жұмыс істейді. Шетелдік мүлікке келетін болсақ, оны заңдастыру да ресми түрде жарияланған болатын. Бірақ бұл мүліктің бағасының 10 пайызы міндетті төленуі тиіс. Бұл ретте мүліктің бағасын азаматтың өзі мәлім етеді.
Іс жүзінде, заңдастыру - Қазақстан үшін табыстар мен шығындарды жалпыға ортақ мағлұмдау дәуіріне өту бойынша дайындық жұмысы. Бұл сондай-ақ Ұлт жоспарында қарастырылған (42-ші қадам). Ол 2017 жылы мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің декларация тапсыруынан басталады. Декларацияларды ҚР-ның барлық азаматтары тапсыратын екінші кезең 2020 жылы басталады.
Мемлекет азаматтардың өз активтерін көлеңке айналымнан шығарып, заңдастыруға және алдағы уақытта құқықтық алаңда жұмыс істеуге соңғы мүмкіндік беріп отыр.
Тұтастай алғанда, Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Кез келген ниет білдіруші адам кәсіпкерлікте өз мүмкіндіктерін іске асыра алады. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ аясында капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қарастырылған. Яғни, егер нарықтағы бос тауашаларды біздің бизнесмендеріміз қолға алмаса, оларды ЕАЭО бойынша көрші елдердің кәсіпкерлері басып алады.
ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтанов
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді