ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Д.Абаев Ақорданың Facebook парақшасындағы онлайн-брифингте алғашқы сұраққа жауап берді
- author «Ақ жол»
- 30 қазан, 2015
- 761
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында онлайн-брифингте келіп түскен алғашқы сұраққа жауап берді.
Алғашқы сауал КазТАГ журналистерінен келіп түсті: «Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресейдің басқаруындағы ИМ лаңкестеріне қарсы күресетін антитеррористік коалицияға Қазақстанның кіруі жөнінде ұсыныс жасады ма? Елбасының аталған мәселе бойынша ұстанымы қандай болмақ?»
Дәурен Абаевтың жауабы: «Біз білетіндей, Владимир Путин халықаралық қоғамдастықтың барлық елдеріне ауқымды антитеррористік коалиция құруды ұсынғаны белгілі, Қазақстанға жекелей ұсыныс түспеді.
Бұл мәселе бойынша еліміздің ұстанымына келер болсақ, оны Нұрсұлтан Әбішұлы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында жария еткен болатын. Біз БҰҰ жанынан халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің әлемдік бірыңғай желісін құруды ұсындық. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін лаңкестікке қарсы күрес бойынша барлығын қамтитын БҰҰ құжатын әзірлеп, қабылдау керек».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




