«Тұлпар-Тальго» пойыздарына қосымша жеңілдіктер енгізілді - Жолаушылар тасымалы
- author «Ақ жол»
- 30 қазан, 2015
- 735
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2015 жылдың 30 қазанынан бастап, кейбір «Тұлпар-Тальго» пойыздарына қосымша жеңілдіктер енгізілетінін хабарлайды, деп жазады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінде.
Атап айтқанда, №90 «Қызылорда - Астана» пойызына (Қызылордадан шыққанда) 20 пайыз көлемінде жеңілдік қарастырылған. Бұдан бөлек келесі пойыздарға аптаның әр күндеріне орай төмендегідей жеңілдіктер белгіленді:
-№1 «Алматы - Астана» және №701 «Алматы - Петропавловск» пойыздарына аптаның жұма мен сенбі күндері 15% жеңілдік қарастырылған;
- №2 «Астана - Алматы» және №702 «Петропавловск - Алматы» пойыздарына аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері 10% жеңілдік қарастырылған; - №67 «Защита - Астана» дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері 15% жеңілдік қарастырылған;
- №68 «Астана - Защита» дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері 15% жеңілдік қарастырылған.
Сонымен қатар, бұрын енгізілген икемді жеңілдіктер мен жолаушылардың 3 тобына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады:
1) «Құрмет» -60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30%; 2) «Жастар» - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30%; 3) «Саяхатшы» -тұрақты жолаушылар үшін 10% до 20%.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




