Денсаулық
Астананың “Барысы” жаңа аренада өткізетін алғаш ойын алдында құрбан шалды
- author «Ақ жол»
- 30 қазан, 2015
- 794
Астананың “Барысы” жаңа аренада өткізетін алғаш ойын алдында құрбан шалды
Астаналық «Барыс» хоккей клубы елордада салынған жаңа аренада Сан-Петерборлық СКА клубына қарсы өткізетін матчтың алдында құрбандыққа қой шалып, мұз айдынын толықтай аластап шықты.
Жаңа мұз сарайында өткізген алғашқы ресми матчта елордалық клуб ресейлік қарсыластарынан басым түсті.
Команда ойыншысы Дамир Рысбаевтың айтуынша, клуб мүшелері сойылған қойдың қанымен мұз айдынын, «Барыс» хоккейшілерінің киім ауыстыратын бөлмесін аластап шыққан.
«Мен мұз айдынында жаттығу жасап жатқанда алаңға қойдың қаны тамып жатқанын байқадым. Бұл – команданың болашақта сәтті ойындар өткізуі үшін жасалған ырым», – дейді Дамир Рысбаев.
Айта кету керек, «Барыс» 28 қазан күні жаңа аренада өткізген алғашқы ресми матчта Сан-Петербордың СКА командасын 4:2 есебімен жеңді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




