Шу ауданында сыбайласты жұмысқа қабылдау дерегі анықталды
- author «Ақ жол»
- 28 қазан, 2015
- 732
Шу ауданы прокуратурасы Шу аудандық білім бөлімі басшысымен 2013 жылы «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі лауазымына сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке бұрын-сонды тартылған тұлға қабылданғандығын анықтады,-деп хабарлайды Жамбыл облысы Прокуратурасының баспасөз қызметі. Еңбек кодексінің 240-1 бабының талаптарына сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын атқарумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдауға болмайды делінген. Осы мән-жайды ескеріп, аудан прокуратурасымен аудандық білім бөлімінің басшының заңсыз бұйрығына келтірілген наразылығы қанағаттандырылды және меңгеруші қызметтен босатылды. Заңсыз бұйрықты шығарғаны үшін білім бөлімінің басшысына қатысты шара қолдану мерзімінің өтуіне байланысты қолданылмады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




