Қазақстанда Тойотаның жаңа модельдері шығарылады - Н. Назарбаев
- author «Ақ жол»
- 27 қазан, 2015
- 222
Қазақстан мен Жапония жалпы құны 700 млн доллар болатын инвестициялық жобалар бойынша келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Жапония бизнес форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
"Қазақстан мен Жапония - стратегиялық әріптестер. Біз экономикалық байланыстарды өте жоғары деңгейде құра алдық. Соңғы 10 жыл ішінде Жапониядан Қазақстанға 5 млрд доллар инвестиция құйылды. Қазіргі уақытта сауда-саттық айналымы 10 млрд. долларды құрайды. Қазақстанда көлік, тау-кен, металлургия, xимия, машина жасау салаларында құны 750 млн. доллар болатын жапон капиталының қатысуымен 50 компания жұмыс істейді", - деді Президент.
"Қазіргі уақытта басқа да инвестициялық жобалар бойынша 700 млн долларға келіссөздер жүргізілуде. Олардың ішінде этанол өндірісі, онкологиялық ауруларды диагностикалау орталығының құрылысы, Тойотаның жаңа модельдерін шығару, терминалдар құрылысы және тағы басқа бар. Біз Сіздердің әріптестікті жалғастыруға және одан әрі инвестициялауға деген ниеттеріңізді жоғары бағалаймыз", - деді Елбасы.
Айта кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің қатысуымен Қазақстан-Жапония бизнес форумы өткен болатын.
Іс-шараға автокөлік жасау, авиация және ғарышкерлік, электроника, xимия өнеркәсібі, қаржы және жылжымайтын мүлік, экспедициялау, жүк тасымалы, азық-түлік, денсаулық сақтау салаларын қамтитын 500-ден астам компания қатысуда.
Форум аясында Қазақстан мен Жапонияның инвестициялық мүмкіншіліктері, екі елдің шетелдік инвесторларын мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылмақ. Сонымен қатар форум аясында қазақстандық-жапондық инвестициялық жобалардың көрмесі өткізілуде.
Сондай-ақ тараптар алдағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады.
Форум қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға, оның ішінде ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығындағы машина жасау саласын қайта қаржыландыру, автокөлік терминалын жасау және өзге де тақырыптар бойынша меморандумға қол қойылады.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді