Денсаулық
Жапония премьер-министрінің зайыбы: Қазақтың киіз үйі мені қатты қызықтырды
- author «Ақ жол»
- 27 қазан, 2015
- 309
Жапония премьер-министрінің зайыбы: Қазақтың киіз үйі мені қатты қызықтырды
Жапония премьер-министрінің жұбайы Акие Абэ түстен кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барып, музейдің бірнеше залын аралап көрді. Таңертең Акие Абэ Астанадағы оқушылар сарайында балалардың өнерін тамашалап, жас журналистермен кездескенін хабарлаған едік.
Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай шетелдік қонаққа музейдің екі залын, атап айтсақ, "Алтын" залы мен этнография залын аралатып көрсетті. Өз кезегінде Акие Абэ ханым тарихы бай, ерекше салт-дəстүрі бар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, Алтын адамның тарихымен танысқанына қуанышты екенін жеткізді.
"Ұлттық музей ғимаратының өзі өте ерекше əдемі салынған екен. Мені əсерге қалдырған жайт - Қазақстанда тұратын көп ұлттар бір шаңыраққа жиналған екен. Бұл өте жақсы. Жапон халқы мен қазақ халқының салт-дəстүрі екі бөлек əлем, яғни, айырмашылығы көп. Сондықтан, қазақ халқының салт-дəстүрімен танысу, киіз үйіне кіріп көру ( Ұлттық музейдің этнография залындағы киіз үй) мен үшін таңсық əрі қызық болды. Тек бір ұқсастық- қазақ халқы сияқты біз де отбасымызбен түгелдей бір дастарқанға жиналып, жерге отырып тамақ ішеміз. Мен музейге тағы келіп көргім келеді",-деді музейдегі экскурсия аяқталғаннан кейін Акие ханым.
Сондай-ақ Жапония премьер-министрінің зайыбы Ұлттық музейдің сыйлығын қабылдай отырып, музейдің сыйлы қонақтары кітабына тілегі мен қолтаңбасын жазып қалдырды.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді