Ақтөбе облысында мектеп қызметкерлері бірін бірі пышақтап тастады
- author «Ақ жол»
- 26 қазан, 2015
- 589
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп қызметкерлері бірін бірі пышақтап тастады деп хабарлайды Ақтөбеден NUR.KZ тілшісі.
Ауыл тұрғындары араққа тойып, пышақтасып қалған мектеп қызметкерлерінің бұл əрекеті “əкім келеді деп жасалған сенбіліктен” кейін болған оқиға деп отыр.
Шалқар ауданы Байқадам ауылы Қорғантұз орта мектебінің қызметкерлері бірін бірі пышақтап, ауруханаға жатып шыққан. Байқадамдықтар бұл жағдай мектеп қызметкерлері жасаған сенбіліктен кейін болды деп сендіреді. Ал əкімдер басқаша айтуда.
“Мен кеше ғана сол ауылға бардым. Мектеп қызметкерлерімен кездестім. Ауыл тыныш, ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ”, – дейді Ақтөбе облысы Шалқар ауданының əкімі Ербол Данағұлов.
Сондай-ақ, болған оқыс оқиғаны сол ауылдың əкімі де жоққа шығарып отыр.
“Жоқ ондай болуы мүмкін емес. Біздің ауыл тыныш. Мектеп те, мұғалімдер де жұмыс жасап жатыр”, – дейді Байқадам селолық округының əкімі Ануар Мұратов.
Екі əкімге де ауылда болған қылмыстық оқиғаны прокуратураның растап отырғанын айтқанымызда тұтқаны тастай салды. Қайта көтерген жоқ. Ал Шалқарда болған шатақты құзырлы мекеме былай баяндады:
“Мектеп қызметкерлерінің арасында ондай оқиғаның болғаны рас. 17 қазан күні сағат 16:30 уақытымен тіркелген. Олар мұғалімдер емес. Бірақ екеуі де мектеп қызметкерлері”, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратурасының өкілі Жасұлан Орынбасарұлы.
Ауруханадан ем алып шыққан мектеп қызметкерлері қазір татуласқан көрінеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




