«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Назарбаев Катардың жетекші корпорацияларымен және қаржы институттарының басшыларымен кездесті

Назарбаев Катардың жетекші корпорацияларымен және қаржы институттарының басшыларымен кездесті
ашық дереккөз
Назарбаев Катардың жетекші корпорацияларымен және қаржы институттарының басшыларымен кездесті

pogudxk6221dgk95g.d2c78063Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Катардың жетекші корпорациялары мен қаржы институттары басшыларымен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мемлекет басшысы екі елдің ортақ тарихи және мәдени байланыстары бар екенін, сондай-ақ Катар өз өңірінде ғана емес, халықаралық аренада да маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Катар қарқынды дамып келеді,  жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімінің көрсеткіші ең жоғары елдің бірі болып саналады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Катар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына тоқтала келіп, сауда-экономикалық қарым-қатынасымызды мейлінше жоғары деңгейге жеткізу қажеттігін айтты.

Иранның Парсы шығанағындағы Бандер Аббас портына Қазақстаннан тікелей шығатын теміржол елдеріміз арасындағы тауар айналымының жандануына ықпалын тигізеді деп үміттенемін. Орталық Азияда Қазақстанның әлеуеті зор және экономикалық мүмкіндіктері жеткілікті. Біз ұзақмерзімді және өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайынбыз”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елімізде ауқымды институционалдық реформалар, индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.Кездесуге Катар бизнесмендері қауымдастығының төрағасы, Al-Faisal Holding Co. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Фейсал бен Касем Әл Тани,  Катар бизнесмендері қауымдастығының тең төрағасы, Ezdan Holding Group холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Халед бен Тани Әл Тани, сондай-ақ Um Haish International, Medicare Group-Ahli Hospital, Al Rayan Bank, Qatar International Islamic Bank, Qatar National Bank, Qatar Solar Energy, Qinvest Bank сияқты ірі компаниялар мен банктердің басшылары қатысты.

Ұқсас жаңалықтар