Атамқұлов Шымкентке ешбір жерде қайталанбайтын ойын-сауық орталығын салып бермекші
- author «Ақ жол»
- 26 қазан, 2015
- 601
ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов пен инвесторлар арасында жүргізілген кездесу нәтижесінде, Шымкент қаласында жалпы аумағы 38,0 га жер телімінде Қазақстандағы ең үлкен «Shymkent mall» сауда-ойын сауық кешені салынады.
Жалпы ауданы 120,0 мың шаршы метрді құрайтын сауда-ойын сауық кешенінде бірқатар қызмет көрсету нысандары орналастырылады деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда: гипермаркет – 10,0 мың шаршы метр, дүкендер – 10,0 мың шаршы метр, кинотеатрлар – 4,0 мың шаршы метр, балаларға арналған ойын-сауық паркі – 3,5 мың шаршы метр, аквапарк – 15,0 мың шаршы метр, 3000 адамға арналған фуд-корт орындары, электроника дүкендері – 2,5 мың шаршы метр, заманауи фешн галереясы – 40,0 мың шаршы метр, сонымен қатар, 3500 авто көлікке арналған автотұрақ қамтылатын болады.
Жобаға жалпы соммасы 42,0 млрд теңгені құрайтын жеке инвестиция тартылады және 4000 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұдан бөлек, кешенде 8 платформадан тұратын және бір уақытта 350 жолаушыны қабылдайтын автовокзал жұмыс жасайды.
«Shymkent mall» Шымкент қаласының шырайын аша түсетін еліміздегі ең ірі қайталанбас сауда орталығы болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




