Таразда өзін-өзі өртеу актісін бейнетаспаға түсіргендер ұсталды
- author «Ақ жол»
- 26 қазан, 2015
- 522
Полицейлер Таразда Ерлан Бектібаевтың өзін-өзі өртеу актісін бейнетаспаға түсірген бір топ адамды ұстады.
Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Today.kzхабарлайды.
“Өзін-өзі өртеу актісін бейнетаспаға түсіргендер ұсталды”, – деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.
Естеріңізге салайық, 24 қазан күні Тараздың орталық алаңында 20 жастағы Ерлан Бектібаев өзін-өзі өртеу актісін жасаған болатын. Мұның алдында жас жігіт осы оқиғаға оған есірткі салып жіберген-мыс полицейлерді кінәлап, бейнеүндеу жазған.
Кейін Бектібаев ауыр жарақаттан ауруханада қайтыс болды. Осы факті бойынша “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” және “Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану” баптарымен соталды тергеу басталды. Тергеу Бас прокуратураның бақылауына алынды.
Белгілі болғандай, 20 жастағы Бектібаев бұрын денсаулыққа ауыр зиян келтірді және ұрлық жасады деп айыпталған. Алматы облысының Алмалы аудандық соты Бектібаевты төрт жыл бас бостандығын шектеуге үкім шығарған.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




