Сулхаддин Мұстафаев, Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі.
Елбасымыздың ерен еңбегімен өркендеп келе жатқан еліміздің әр жетістігі көз алдымызда. Біздің мемлекет татулық пен ынтымақты, әр ұлт өкілдері арасындағы достықты ту етіп ұстап, бірліктің әнін шырқап отыр. Біздің күрді ұлтының өкілдері де елін асқар биіктерге бастаған Көшбасшымызға, Ұлы Даланың жаны ізгілікке толы ұрпақтарына дән риза. Қашанда ұлт пен ұлысты жатсынбай, бауырына басып, толеранттық танытқан ер Түріктің ұрпақтарына алғысымыз шексіз.
Мен басқаратын Қасқабұлақ ауылдық округінде кілең күрді ұлтының өкілдері тұрамыз. Бірақ, біз жергілікті ұлт өкілдерімен сыйластығымыз артып, таза қазақ тілінде сөйлеп, мемлекеттік тілді өз тіліміздей көріп кеткенбіз. Біздің күрді ұлтының балалары қазақ тілін мектеп партасынан үйреніп, Қазақ елінің тарихын жаттап өсіп келеді. Бұл жомарттығы жоғары, ізгілігі мол Қазақ еліне деген құрметіміз деп білемін. Қазақ – өте текті, тарихы тамырлы халық. Болашағы жарқын ел. Қазақтың көрнекті ақын қызы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың «Сен – қазақсың!» деген өлеңін тебіренбей, толғанбай оқу мүмкін емес. Сен –қазақсың! Қазақ деген ел бөлек, Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек. Киіз үйі жер сияқты жұп-жұмыр, Шаңырағы күн сияқты дөңгелек, – деп басталатын патриоттық өлеңнің жас ұрпаққа берері көп. Бұл өлеңді де біздің Қасқабұлақ орта мектебінде оқитын күрді ұлтының жүрегі қазақ деп соғатын балалары да аузынан тастамайды. Қазақ хандығының 550 жылдық тойы – мемлекет мерейі, елдігіміздің көрінісі, терең тарихымыздың белгісі болса керек. Бауырлас қазақ халқынан үлгі тұтар, тағылым алар тұсымыз өте көп. Менің Отаным – Қазақстан. Жергілікті ұлт өкілдерінен біз көп нәрсе үйреніп келеміз. Күрді халқы да қазақтар секілді киіз үй тігеді, төрт түлік мал ұстайды. Қазақ сияқты қонақжай, меймандос. Осының өзі біздің біртұтас, бөлінбес бауыр екенімізді айғақтайды. Қазақстан – біздің Отанымыз, мәңгілік мекеніміз! Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді