Денсаулық
Вера Брежнева композитор Константин Меладзеге тұрмысқа шықты
- author «Ақ жол»
- 25 қазан, 2015
- 535
Вера Брежнева композитор Константин Меладзеге тұрмысқа шықты
Ресейлік танымал әнші Вера Брежнева атақты композитор Константин Меладзеге тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Elle.ru басылымы әншінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, бұл жайлы ақпаратты итальян бұқаралық ақпараттары бірінші болып таратқан. Некелесу рәсімі Версилияның Тоскан жағалауындағы Форте-дей-Мармиде өткен. Сонымен қатар, олардың некесін қала мэрі Умберто Бураттидің қиғаны айтылады. Итальян тілшілерінің мәліметінше, салтанатты шарадан кейін Paradiso al Mare қонақүйінде мерекелік дастархан жайылыпты. Жас жұбайлардың бал айы Версилияда өтеді деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, ресейлік басылымдар жұлдыз бен продюсердің арасын тек жұмыс емес, сонымен қатар, жеке де қарым-қатынастың байланыстыратыны жайлы бірнеше жыл бұрын жаза бастаған болатын. Меладзе де, Брежнева да жеке өмірлері жайлы еш сұхбатында ашып айтпаған.
© Il Tirreno Versilia Еске салайық, Константин Меладзе өткен жылы отасқанына 19 жыл болған Яна есімді жұбайымен ажырасып кеткен еді. Ал Брежнева 2012 жылы украин кәсіпкері Михаил Киперманмен ажырасып кеткен. Басылымның мәліметінше, әншінің баспасөз хатшысы Меладзе мен Брежневаның үйлену тойы жайлы ақпаратты растап үлгеріпті.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




