20 жастағы жігіт Тараздың орталығында өзін-өзі өртеп жіберді
- author «Ақ жол»
- 25 қазан, 2015
- 943
20 жастағы жігіт Тараздың орталығында өзін-өзі өртеп жіберді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 24 қазан күні сағат 10:30 шамасында Тараз қаласының орталық алаңында болған. Күю салдарынан жігіт қалалық ауруханада қайтыс болды. Өртеу алдында ол қалыптасқан жағдайға полиция қызметкерінің кінәлі екенін хабарлады.
"Осыған байланысты болған мән-жайларды жан-жақты анықтау мақсатында осы факт бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 362-бабы (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Объективтiлiктi қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорына тапсырылды. Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бақылауында тұр", - делінген хабарламада.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




