Телефоннан көз алмайтындарға жеке жүргінші жолағын сызып берді
- author «Ақ жол»
- 23 қазан, 2015
- 665
Таиланд астанасында оқып жатқан студенттер осы кезге дейін бас ауыртқан мәселеге шешім тапты, деп жазады 24.kz.
Олар көшеде келе жатып, үнемі қалта телефонына шұқшиятын жүргіншілерге арнап жол бөлу идеясын іске асырды. Бұл үшін тапқыр студенттер университет жанынан өтетін жүргінші жолының қақ ортасын ақ жолақпен анық етіп сызған. Мұнан соң жолдың бір бөлігіне телефонның суретін салған. Ал екінші бөлікте белінен бір сызылған телефонның суреті бар.
Идея авторларының айтуынша, бұдан кейін жағдай біраз өзгеріпті. Себебі бұрын гаджетке ғана қарап келе жатқан адам үнемі өзге жүргіншімен соқтығысып қалатын. Ең сорақысы, телефонның «ішінде өмір сүретіндер» көлік жүретін жолға қалай шығып кеткенін білмей қалып, апатқа ұшыраған кездер де болған. Енді көшеде келе жатқан жұрт жолдағы арнайы белгіге қарай жүріп, діттеген жерлеріне кедергісіз, ал ең бастысы, аман-сау жетеді, деп хабарлайды ТАСС.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




