Каспий теңізінің қазақстандық секторында қолтырауындар мен каймандар пайда болуы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 23 қазан, 2015
- 223
Каспий теңізінің қазақстандық секторында қолтырауындар мен каймандар пайда болуы мүмкін, деп жазады «Экспресс-К».
Саратов жануарларды қорғау ұйымының төрағасы Людмила Бочкареваның айтуынша, Еділ (Волга) панасыз экзотикалық жануарларға (оның ішінде аллигатор да бар) толы.
«Адамдар кішкентай қолтырауынды ұстайды, онымен ойнап болған соң Еділге жібереді. Қазір тіпті Еділге жіберген қолтырауындардың көптігі сонша, оның санынан жаңылуға болады», – деген оның сөзін келтіреді «Бизнес-вектор» порталы.
Қазақстандық эколог Алексей Гладков бұл мәселеге шындап мән беру қажет деп санайды.
«Қолтырауындар Еділ өзенінде бірнеше жылдан бері мекен етеді. Біздің қысқа олардың ешқайсысы төтеп бере алмайды – аллигаторға +20 градустың өзі қауіпті. Алайда ауа райы қолайлы болса, олар қалыпты тіршілік ету ортасын өзгертуге қабілетті. Каспий бұл өлшемдерге сәйкес келеді, яғни аллигаторларға тағам мен күннің көзі жеткілікті болатындай шалшықты жерлерге бай. «Әрине, әзірге қауіптенуге ерте, алайда Жерде климат біршама жылынды. Әрі бұлар ең агрессивті қолтырауынға жатады, олар тұзды су қоймаларында тіршілік етеді және өміршеңдігімен ерекшеленеді, – деді Гладков.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді