Орынбордан ұшырылатын зымырандардың қалдықтары Маңғыстау аймағына құлайды
- author «Ақ жол»
- 23 қазан, 2015
- 429
Орынбордағы «Ясная» алаңынан ұшырылатын зымыран қалдықтары Маңғыстау өңіріне құлайды. Бұл жайында Астана арнасына Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлімдеді.
Бірақ қай аумаққа құлайтыны мен жер аумағының көлемін нақтыламады. Маңғыстау өңірі зымыран қалдықтары үшін қомақты қаражатқа ие болады. Бұл сомма жылына шамамен жарты миллиард долларды құрамақ. Бұл келісім Ресей президентінің Қазақстанға ресми сарапы кезінде жасалған болатын.
Ал коммерциялық ұшырылымдардың операторы ретінде халықаралық «Космотрас» ғарыш компаниясы бекітіледі. Айта өтейік, Қазақстан, Ресей мен Украина осы компанияның акционерлері болып табылады.
“Маңғыстау облысы жерді жалға бергені үшін тиісті қаражатын алады. Менің білуімше шамамен 500 мың доллар көлемінде. Сомма қомақты. Өйткені Маңғыстау облысының әкімдігі келісімді қуана мақұлдады. Бұл ақша облыс бюджетіне түседі. Зымыран қалдықтарына бөлінетін нақты территорияны айта аламаймын. Бірақ үлкен емес”, – дейді Инвестиция және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков.
Бұдан былай Қазақстан лаңкестер мен есірткі айналымы бизнесімен айналысатындарды ғарыштан бақылап, анықтайтын болады. Бұл жайында ол парламент мәжілісінің қабырғасында Ғарыш қызметіне қатысты заң жобасының таныстырылымы аясында мәлімдеді. Ал бұған дейін Қазақстан шетелдік ақпаратқа тәуелді болып келген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




