Бүгін Талдықорғанда 60 жетім бала қоныс тойын тойлады. Тағдыр тәлкегімен отбасылық жылу көрмей өскен балалар бүгін мемлекеттік қолдау мен шынайы қамқорлықты сезінді. Өткен жылғы қазанда Алматы облысы әкімінің қолдауымен жетім балаларға арналған 60 пәтерлік үйдің құрылысы басталған болатын.
Қоныс тойын тойлаушыларды құттықтауға өңір басшысы А. Баталов келді.
Облыс әкімі тұрғын үй саласы заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес жетім балалар ҰОС ардагерлері мен мүгедектермен тең дәрежеде тұрғын үй алуға ерекше басымдыққа ие екенін атап өтті, бүгінгі шара соның дәлелі болды.
«Баланың бөтені болмайды. Сендерде біз бармыз, мықты көшбасшы - Президентіміз бар. Сондықтан жалғызбын деп ойламаңдар», - деді А. Баталов.
Пәтердің кілтін алғашқылардың бірі болып, қуанышы қойнына сыймай тұрған Икрам Ғаитов алды.
«Президентімізге, облыс әкіміне бізді қолдағаны үшін алғысымды білдіремін. Бүгін ерекше бақыттымын. «Өз үйім - өлең төсегім» деген осы болар», - деді Гаитов.
Үйді салу үшін облыстық бюджеттен 348 457 633 теңге бөлінді. Үй жобасын «Арлан-жоба құрылыс» ЖШМ дайындады. «Талдықорған қ. Құрылыс бөлімі» ММ тапсырысы бойынша үйді «Шымыр» ЖШС салды. Құрылыс жұмыстарының сапасы бақылауда болғанын атап өткен жөн. Нысан апта сайын лауазымды тұлғалар инспекциясының тізіміне енді. 4-ші деңгейлі жайлылық сыныбымен үйдің жалпы алаңы 3698,45 м² құрайды. 60 пәтердің 28-і бір бөлмесі болса, 32-сі - екі бөлмелі.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




