«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мәжілісте ғарыш саласын дамытуға жағдай жасауға бағытталған заң жобасы таныстырылды

Мәжілісте ғарыш саласын дамытуға жағдай жасауға бағытталған заң жобасы таныстырылды
ашық дереккөз
Мәжілісте ғарыш саласын дамытуға жағдай жасауға бағытталған заң жобасы таныстырылды

20151022152723Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

Инвестиция және даму министрінің орынбасары Альберт Раудың айтуынша, заң жобасын Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі тұжырымдамасында Елбасы алға қойған ел экономикасы салаларының әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі міндеттермен негізделеді.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні елімізде байланыс пен хабар таратудың, Жерді қашықтықтан зондтаудың және спутниктік навигацияның ғарыштық жүйелерін, ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру жұмыстары қолға алынған. Ғарыштық жүйелерді құру және пайдалану тұтынушыларды жоғары сапалы спутниктік теле және радиохабар тарату байланысымен, Жерді қашықтықтан зондтау, дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметтерімен қамтамасыз етуге және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, теміржол және автомобиль көлігі, жер ресурстарын басқару, геодезия, картография және энергетика сияқты салаларда Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ шетелдік тапсырыс берушілерге ғарыштық қызметтер көрсету мүмкіндіктеріне ықпал етуге тиіс.

Осыған байланысты заң жобасының негізгі идеясы мен түпкілікті ойы құрылған ғарыш инфрақұрылымына жағдай жасау және тиімді пайдаланудың, ғарыш қызметінің нәтижелерін және  ғарыш технологияларын табиғи және  техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар мониторингі мен оның алдын алуда,  қоршаған ортаға, геодезия мен картография, ауыл шаруашылығы, байланыс, ақпараттандыру мен ақпараттарға және ел экономикасының басқа да салаларына практикалық енгізудің құқықтық тетігін жасау болып табылады.

Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін азаматтық-құқықтық қатынастарды қозғайтын бірқатар заңнамалық актілерін өзгерту талап етіледі.

Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар Қазақстанға экономика мен кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін және оның салдары ретінде отандық тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетулердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін ғарыш саласының толыққанды инфрақұрылымын қалыптастыруға жақындауына мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 97 млрд. теңгеден астам сомаға мемлекет құрған активтер тиімді пайдаланылатын және жұмыс жағдайында ұсталатын болады.

Ұқсас жаңалықтар