Депутаттар министрлерден бюджеттегі ақшаны ұрламауды сұрады
- author «Ақ жол»
- 22 қазан, 2015
- 222
Экономика министрі Ерболат Досаев тұрғындарды бизнеске үйрету үшін халықаралық ұйымдардан 40 млн доллар қарыз алайық деп ентіккен еді. Алайда, сөз естіп тынды деп хабарлайды КТК арнасы.
Бүгінгі осындай қиын жағдайды осыған баруға бола ма? Жол салуға, мектеп салуға амал жоқ алсақ, бұл қажет. Ал, біреулерді оқытуға қарыз алған қажет пе?”, – Мәжіліс депутаты Розақұл Халмұрадовосылай десе, оның әріптесі Нұртай Сабильянов: “Болашақта министрліктер жалпы қарыз алуды тоқтату керек. Ұрламау керек бюджеттегі ақшаны, өз мүддесіне жұмсамау керек. Сонда бәрі жетеді бізде. Министрліктерде намыс деген болу керек”, – деп шүйлікті.
Яғни, депутаттар министрліктің алған қарызын түбінде мемлекет қайтарады деп шырылдап отыр. Бірақ, Досаев алған бетінен қайтпады.
Осылайша сырттан қарыз алуға қарсылық білдіріп, депутаттар біраз қызыл кеңірдек болғанымен Экономика министріне қатаң ескерту жасады да, соңында заң жобасын бекітіп берді. Досаевқа қарағанда мәжілісмендердің айқайынан аман шыққан Келімбетов көңілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Келімбетов жұрттың зейнетақы қорындағы ақшасын қарыз ретінде үлестірмек.
Жұрттың жылдар бойы тірнектеп жиған зейнетақы қорындағы миллиардттары несиеге берілмек. Қаржы бірінші кезекте коммерциялық банктерге үлестірілгелі жатыр. Сөйтіп, бюджет кірісі 40 пайызға азайған Үкімет тұралай бастаған экономиканы әлдендірмек. Әлемдегі мұнай бағасының құлдырауынан Ұлттық банк адамдардың қалтасына түсуінен басқа жол таппағандай. Әншейінде Келімбетовты жағадан алатын депутаттар бұл мәселеге келгенде үнсіз қалды.
Бас банкир доллардан бөлек мұнай бағасына болжам жасады. Айтуынша, мұнайдың құны 5 жылдың ішінде қайта қымбаттайды екен. Теңге сол кезде ғана тұрақтауы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді