Мәжіліс депутаты жыныстық қатынастың ашық насихатталып жатқанына қапалы
- author «Ақ жол»
- 21 қазан, 2015
- 264
Парламент Мәжілісінің депутаттары әлеуметтік желілердегі әрекеттерді ретке келтіретін заң жобасын жасауды ұсынды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Бұл ұсынысты Парламент мәжілісінің кеңейтілген отырысында "Ақ жол" фракциясының депутаты Алмас Тұртаев айтты.
Өтінім Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовке бағытталады.
"Бізде Интернет қолданушыларының саны күн санап өсіп келе жатыр. Егер төрт жыл бұрын Интернетті халықтың төрт пайызы ғана қолданса, 2014 жылы 6-74 жас аралығындағы қолданушылар саны 63,9 пайызға өсті. Азаматтар әлемдегі тенденциялардан қалыспай, әлеуметтік желілерге тіркеліп, түрлі ақпарат алып жатыр. Бұл түсінікті. Әлеуметтік желілер арқылы басқа адамдармен танысып, қуаныштарымен бөліседі. Бұл Интернеттің пайдалы жағы. Өкінішке қарай, адамдардың үрейін туғызатын топтар да бар. Олар да адамдарды шақырады. Өздеріңіз білетіндей, бұл жастарды тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Осы ақпараттарға сәйкес әлеуметтік желілерде өзін-өзі өлтіруге итермелеу, басқа да жағымсыз оқиғалар болып жатыр", - деді Тұртаев.
Ол кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлау ісі мен зорлық көрсету соңғы бес жылда сегіз есе өскенін де айтып өтті.
"Бұл жыныстық қатынас әрекеттерін ашық насихаттаудың адамдардың рухани құлдырауынан болып жатқанын көрсетеді. Сондықтан да әлеуметтік желілердегі әрекеттерді ретке келтіру керек. Әрқайсысымыз виртуалды әлемдегі әрекеттеріміз үшін жауап беруіміз қажет. Жастарымыздың дұрыс емес жолға түспеуі үшін қолдан келгенін жасауға міндеттіміз. Жоғарыда келтірілгендерді есепке ала отырып, "Ақ жол" фракциясы әлеуметтік желілердегі қызметті ретке келтіретін заң жобасын қабылдау қажет деп есептейді. Сәйкесінше комиссия құруды сұраймыз", - деді мәжілісмен.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді